Шымкентте терроризмге қарсы комиссияның 2025 жылғы жұмысы қорытындыланды

Шымкентте терроризмге қарсы комиссияның 2025 жылғы жұмысы қорытындыланды

Шымкент қаласы әкімдігінде комиссия мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары және аудан әкімдерінің қатысуымен Терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыста ТҚК жұмыс топтарының қызметі мен хаттамалық тапсырмалардың орындалуы мәселелері қаралып, терроризм мен экстремизмнің алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар қорытындыланды.
Қатысушылар профилактиканы күшейтуге бағытталған әлеуметтік жобалардың тиімділігін, сондай-ақ 2025 жылы атқарылған ТҚК қызметінің нәтижелерін талқылады.
Радикалды діни ағымдарды ұстанушылармен жұмысты жетілдіру, әсіресе жастар арасында экстремизм көріністерінің алдын алу шараларына баса назар аударылды.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ведомстволардың басшылары, комиссия мүшелері мен аудан әкімдеріне профилактикалық шараларды күшейту және экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласында ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту жөнінде хаттамалық тапсырмалар берілді.

 

Материал Шымкент қ. ТҚК
ақпараты негізінде дайындалды