Нұр-Сұлтан қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізілуде

Нұр-Сұлтан қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізілуде

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан. Ағымдағы жылдың 24 қазанында астананың терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы «Астана су арнасы» МКК насостық-фильтрлеу станциясы аумағында «Нұр-Сұлтан-Антитеррор-2020» терроризмге қарсы оқу жаттығуы өткізілді.

Іс-шара тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде терроризм актісінің жолын кесу бойынша практикалық дағдыларын пысықтауға, оның салдарын барынша азайту және жою бойынша оқу шараларын іске асыруға мүмкіндік берді.

«Нұр-Сұлтан-Антитеррор-2020» оқу-жаттығуы террористердің шабуыл жасауы, стратегиялық объектіні жару сияқты төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету күштері мен құралдарының даярлық деңгейін көтеруге ықпал етті.

Қаланың тіршілікті қамтамасыз ету объектісінің персоналы терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб күштерімен өзара әрекеттесе отырып түрлі күрделі элементтермен жауынгерлік ахуалға етене жақындатылған жағдайда ден қоюдың кешенді іс-шараларын өткізді.

 Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының штабы