«КӨКШЕТАУ-АНТИТЕРРОР-2020» оқу-жаттығуын өткізу туралы

«КӨКШЕТАУ-АНТИТЕРРОР-2020» оқу-жаттығуын өткізу туралы

2020 жылғы 23 қазанда Ақмола және Қостанай облыстары аумағында арнайы, құқық қорғау, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ БАҚ қатысуларымен «КӨКШЕТАУ-АНТИТЕРРОР-2020» республикалық жедел – тактикалық оқу- жаттығуы өткізілді.

Ведомствоаралық әрекеттесу және терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтардың күштері мен құралдарын басқару дағдылары пысықталды.

Оқу-жаттығудың негізгі элементтері:

  • Республикалық жедел штабының терроризмге қарсы күрес жөніндегі өңірлік штабтардың іс-әрекеттерін қашықтықтан үйлестіруге даярлықтарын тексеру;
  • биологиялық қауіпті заттарды террористік мақсатта пайдалану қоқан-лоқысына ден қою бойынша іс-әрекетті пысықтау;
  • терроризмге қарсы операцияны өткізу орнына арнайы мақсаттағы бөлімшелерді шұғыл жеткізу механизмін тексеру болды.

Өткізілген оқу-жаттығу қатысушылардың террористерді және оларды қолдаушыларды іздеу және залалсыздандырумен, қоғамдық көлік пен адамдар көп шоғарланатын объектілері жағдайында кепілге алынған адамдарды босатумен, биологиялық қауіпті заттарды құқыққа қайшы мақсатта қолдануларын неғұрлым азайту және салдарларын жоюмен байланысты бірлескен тактикалық міндеттерді орындаудағы кәсіби деңгейлерін көтеруге мүмкіндік берді. 

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабының басшылығымен терроризмге қарсы операцияны өткізуге жоғарыда аталған өңірлік жедел штабтарының дайындығына оң баға берілді.

Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының штабы