Ақмола облысында 54 осал объектілерге ескертулер жасалынды

Ақмола облысында 54 осал объектілерге ескертулер жасалынды

2020 жылғы 1 қазанға берілген мәлімет бойынша, өңірдің аумағында  террористік тұрғыдан осал 752 объект орналасқан, оның ішінде 305-і кәсіпкерлік объектілерге жатады. «2020 жылдың 9 айы ішінде Ақмола облысында террористік тұрғыдан осал 223 объектілері ҚР Үкіметі қаулысы мен «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкестіктеріне тексерумен қамтылды. Нәтижесінде бұзушылықты жою туралы 54 ұйғарым шығарылды. Бұдан басқа, ҚР ӘҚБтК 149-бабының 1-бөлігі бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды.

Полиция қызметкерлері тексерілген объектілердің басшылары, меншік иелері және күзету ұйымдарының өкілдерімен түсіндіру әңгімесі жүргізілді. Полицияда, объектілердің терроризмге қарсы қорғалуында бұзушылыққа жол бермеу үшін объектілердің басшылары, меншік иелері және күзету ұйымдарының өкілдері «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын, «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысын және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын оқыту бойынша персоналдармен сабақ өткізуді қамтамасыз ету жоспарлағандығы туралы қосымша айтылды.

https://www.inform.kz/ru/antiterror-54-preduprezhdeniya-uyazvimym-ob-ektam-vynesli-v-akmolinskoy-oblasti_a3708681