
ҚР ҰҚК Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ТҚО бөлімінің бастамасымен облыстық терроризмге қарсы комиссияның алаңында объектілердің ерекшеліктерін ескере отырып, қауіпсіздік жүйесін жаңғырту және салалық тәсілді енгізу жөніндегі уәкілетті органдардың жауапты қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шарада жалпысалалық тәсілді қолданудың мақсаттары, сүйенуге болатын нормативтік актілердің тізбесі, сондай-ақ оқу-жаттығулар мен тексерулер барысында анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған шаралар талқыланды.
Бұдан басқа, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бойынша бірыңғай тәсілді қалыптастыру алгоритмі әзірленді.
Іс-шара барысында облыс әкімдігінің терроризмге қарсы комиссия бөлімінің басшысы оның мемлекеттік органдар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін негіз болып табылатынын, оның ішінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары мен нормативтік құқықтық актілеріндегі қайшылықтарды анықтаумен қатар террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіндегі кемшіліктерді анықтауға бағытталғандығын атап өтті.
Материал ҚР ҰҚК БҚОбД ТҚО бөлімінің ақпараттары негізінде дайындалған