№74 орта мектепте терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізілді

№74 орта мектепте терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізілді

Ақтөбе қаласы әкімдігінің қолдауымен және Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен №74 орта мектеп базасында қала аумағындағы білім беру ұйымдарының қатысуымен терроризмге қарсы оқу-жаттығу шарасы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыру, терроризм қаупі туындаған жағдайда оқушылар мен педагогикалық ұжымның дұрыс әрі жедел әрекет ету дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен білім беру мекемелері арасындағы өзара іс-қимыл алгоритмін жетілдіру болып табылады.
Жаттығу барысында мектеп ұжымы мен оқушыларға шартты түрде террористік қауіп жағдайында эвакуация жүргізу тәсілдері, шұғыл шешім қабылдау және қауіпсіз аймаққа көшу тәртіптері түсіндірілді. Сонымен қатар, қатысушылар нақты жағдайдағы әрекет ету бойынша тәжірибелік тапсырмаларды орындап, қауіпсіздік шараларын бекіте түсті.
Аталған шара терроризмнің алдын алу және оған қарсы күрес бағытындағы профилактикалық жұмыстың маңызды бөлігі ретінде ұйымдастырылды.

 

Материал Ақтөбе облысы бойынша ҚР ҰҚК ТҚО бөлімінің ақпараты негізінде дайындалды