
Ақтөбе қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен террористік тұрғыдан осал (ТТО) объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету мәселесіне арналған арнайы кездесу өткізілді.
Іс-шараға орта, арнайы, мектепке дейінгі және қосымша білім беру мекемелерінің, денсаулық сақтау ұйымдарының, құқық қорғау органдары мен өзге де тиісті мекемелердің басшылары қатысты. Барлығы 150-ге жуық ТТО объектісінің өкілдері қамтылды.
Кездесу барысында Ақтөбе қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары Ғ.Қобыландин, Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілдері Д.Сейдуллин мен Ә.Уалиханұлы терроризмге қарсы қорғалуды ұйымдастырудағы негізгі талаптар, жауапкершілік шаралары, техникалық нығайтылу деңгейі және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушыларға терроризмге қарсы заңнама талаптарын сақтау, нысандардың техникалық жабдықталуын жетілдіру, сондай-ақ қызметкерлерді оқыту мен нұсқама жүргізу бағытында нақты ұсыныстар берілді.
Материал Ақтөбе облысы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды