Ақтөбеде діни экстремизмнің алдын алу бағытындағы АТТ мүшелеріне арналған біліктілікті арттыру семинары өткізілді

Ақтөбеде діни экстремизмнің алдын алу бағытындағы АТТ мүшелеріне арналған біліктілікті арттыру  семинары өткізілді

2025 жылғы 5–6 қараша күндері Ақтөбе облысының Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өңірдегі дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізетін мамандардың біліктілігін арттыруға арналған семинар өткізілді.
Семинардың негізгі мақсаты – діни экстремизмнің алдын алу бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының сапасын арттыру, мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіру және тәжірибе алмасу болып табылады.
Іс-шара барысында қатысушылар дін саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, ақпараттық-коммуникациялық жұмыстың тиімді әдістерін меңгерді.
Семинарға дәріскерлер ретінде теология ғылымдарының PhD докторы, «IHSAN» ғылым және мәдениет орталығының төрағасы Тимур Нүсіпханұлы Нүсіпханов, коммуникация саласының маманы Салтанат Қуанышқызы Оңғар, сондай-ақ Ақтөбе облысы Дін істері басқармасының бас маманы Мейрамбек Аманбекұлы қатысты.


Материал Ақтөбе облысы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды