Ақмола облысы Есіл ауданы мамандарына арналған семинар

Ақмола облысы Есіл ауданы мамандарына арналған семинар

Экстремизм мен терроризмге алдын алу және олардың зардаптарын болдырмау мақсатында Есіл ауданында ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған семинар өтті. Іс-шара ауылдар мен ауылдық округтердің, соның ішінде Красногорский кентінің мамандарын қамтыды.
Семинарды Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйыдастырды. Негізгі мақсат – қоғамда теріс діни идеологияның таралуына жол бермеу, зиянды ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру және конфессияаралық келісім құндылықтарын нығайту.
Сарапшылар ретінде Ақмола облысы Дін істері басқармасының «Конфессияралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының» жетекші маманы Зарина Рашидқызы сөз сөйлеп, діни ахуалды тұрақтандыру бағытындағы өңірлік тәжірибемен бөлісті. Ол өз баяндамасында теріс діни ағымдардың жастар санасына ықпал еті тәсілдері мен оларға қарсы ақпараттық профилактика жүргізудің тиімді тетіктерін түсіндірді.

 

Материал Ақмола облысы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды