
Алматы қаласының полиция қызметкерлері мен Дін істері басқармасының ақпараттық тобы бірлесіп, экстремизм мен киберқылмыстың алдын алу тақырыбында халықпен профилактикалық кездесу ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты - жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, киберкеңістікте құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ экстремизмнің, кибербуллингтің және басқа да заманауи қауіптердің алдын алу. Кездесу барысында жиналғандарға экстремизм мен діни-деструктивті ағымдардың зияны, интернет кеңістігінде балалар мен жастарды қорғау, кибербуллингтің салдары және оның алдын алу жолдары туралы түсіндірілді. Сала мамандары, дінтанушылар мен полиция қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты.
Сонымен қатар ата-аналарға балаларының интернеттегі әрекеттерін бақылау және жастарды дұрыс тәрбиелеу қажеттілігі туралы ұсыныстар берілді. Кездесу ашық диалог форматында өтті, өзекті мәселелер талқыланып, қоғамдағы қауіпсіздікті арттыру бағыттары атап өтілді.
Материал Алматы қаласы бойынша ТҚК аппаратының
ақпараты негізінде дайындалды