Көкшетау қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

Көкшетау қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

Ағымдағы жылдың 12 қарашасында Көкшетау қаласы және Красный Яр ауылының аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Ақмола облыстық жедел штабымен «Күз-Антитеррор-2025» жедел тактикалық оқу-жаттығуы өткізілуде.
Оқу-жаттығудың мақсаты Ақмола облысының арнайы, құқық қорғау және мемлекеттік органдарының күштері мен құралдарын террористік сипаттағы қауіптерге қарсы тұру және оларды жою кезінде ведомствоаралық өзара іс-қимыл дайындығы деңгейін жетілдіру.
Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады.
Ақпараттың тек ресми көздеріне сеніп, халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеу.

 

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі
Ақмола облыстық жедел штабы