
Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Бақтияр Оспановтың Қызылорда облысы Сырдария ауданында өткен кездесулерінде діни радикализм мәселелеріне тоқтай отырып, оның қоғамға тигізетін әсерін жан-жақты түсіндірді.
Іс-шара аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен, спорт, денсаулық сақтау саласы өкілдерімен және пробация есебінде тұрған азаматтармен, сондай-ақ ауданға қарасты Шаған ауылдық округінің тұрғындарымен өткізілді.
Бас қосу барысында теолог әлеуметтік желінің дінге, радикалды көзқарасқа ықпалы және оған бас бұру факторлары, сонымен қатар қазақтың салт-дәстүрі мен дін арасындағы үндестікті сақтаудың маңыздылығы туралы әңгіме қозғап, отбасы құндылығы, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесімен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру төңірегінде ойын ортаға салды.
Спикердің айтуы бойынша, діни экстремизммен күресу және оны алдын алу мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Осы ретте, Қазақстан Республикасы - көп ұлтты, көп конфессиялы, зайырлы мемлекет екеніне тоқтай отырып, қоғамдағы ынтымақтастыққа нұсқан келтіретін экстремистік көріністердің алдын алуға баса назар аудару үлкен мәнге ие екендігін айта кетті. Жиын соңында қатысушылар көтерілген тақырыптардың өзектілігін атап өтіп, көкейіндегі сауалдарына жан-жақты жауаптар алды.
Материал Қызылорда облысы бойынша
ТҚК аппаратының негізінде дайындалды