Ү.ж. 31 қазан сағ. 22:00 – 1 қараша сағ. 13:00 аралығында Павлодар облысының аумағында терроризм актілерінің алдын алуға және оның салдарын жоюға бағытталған жоспарлы «Қазан-Антитеррор-2025» антитеррористік оқу-жаттығу өтеді.
Осыған байланысты азаматтарды жүргізіліп жатқан іс-шараларға автокөлік пен халықтың қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарауға шақырамыз.
Қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Тек ресми ақпаратты басшылыққа алып, жалған мәліметтердің таралуына жол бермеулеріңізді сұраймыз.
Павлодар облысының терроризмге
қарсы жедел штабы