
Шымкент қаласының әкімі Г.Сыздықбековтың төрағалығымен Терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті.
Іс-шараға құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.
Комиссия отырысында Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының сотталғандар арасындағы терроризм мен экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша есебі, сондай-ақ Дін істері басқармасы басшысының ақпараттық кеңістікте діни экстремизм мен терроризмднің алдын алу бойынша қарсы насихаттық жұмыстарды күшейту шаралары жөніндегі атқарылған жұмыстар туралы баяндамасы тыңдалды.
Өз кезегінде, ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшылығы терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған іс-шаралардың нәтижесінен хабардар етті.
Отырыс қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ кешенді жоспарды, жол карталарын және комиссияның шешімдерін уақтылы және сапалы орындауға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.
Материал Шымкент қаласы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды