БҚО Орал қаласы аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

БҚО Орал қаласы аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

«31» қазан күні БҚО Орал қаласы аумағында терроризмге қарсы жедел штабының ұйымдастыруымен оқу-жаттығулар өткізілетін болады.
Аталған іс-шараның мақсаты - құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.
Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады.

 

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі БҚО жедел штабы