Алматы әуежайында терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өтті

Алматы әуежайында терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өтті

Ағымдағы жылдың 17 қазанында Алматы қаласы Халықаралық әуежайының аумағында (Майлин көшесі, 2) Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы қалалық жедел штабы ұйымдастырған жоспарлы терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтті.
Іс-шараға арнайы және құқық қорғау органдарының, авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері, сондай-ақ қаланың төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері қатысты.
Ұйғарымға сәйкес, террористік топ жолаушылар ұшағын басып алса, осы мезгілде басқа «террористер» тобы қалалық автобусты басып алады.
Оқу-жаттығу барысында арнайы бөлімшелер «кепілге алынғандарды» сәтті босатып, шартты қылмыскерлерді құрықтады.
Алдыға қойылған оқу тапсырмалары толық көлемде орындалып, төтенше жағдайларға ден қою, азаматтарды эвакуациялау, қылмыскерлерді бұғаттау және ықтимал қауіптердің салдарын жою алгоритмдері толық көлемде пысықталды.
Оқу-жаттығулар ықтимал террористік актілердің алдын алу және жолын кесу тетіктерін жетілдіруге, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен әуежай қызметтері арасындағы өзара іс-қимылды шынайы жағдайларға барынша жақын жағдайда өткізуге бағытталды.

 

Материал Алматы қаласы бойынша

ҚР ҰҚК ТҚО бөлімінің ақпараты негізінде дайындалды