Шымкент қаласында спортшылар мен жаттықтырушылар арасында экстремизм мен терроризмнің профилактикасы бойынша жұмыстар жалғасын табуда.
Спорт саласының өкілдерімен кездесулер Кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінде, №13 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде, №20 ауыр атлетикадан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде ұйымдастырылды.
Кездесуде теологтар қатысушыларға қазіргі діни ахуал, теріс ағымдардың қоғамға тигізер қаупі мен рухани тұрақтылықтың маңыздылығы туралы мазмұнды әрі ғылыми негізделген ақпарат берді.
Сондай-ақ, спикерлер интернет пен әлеуметтік желілердегі діни ақпаратты қабылдау мәдениеті мен жалған хабарларды тани білу жолдары, тыйым салынған материалдарды тарату жауапкершілігінен хабардар етті.
Кездесу ашық әрі қолжетімді форматта өтіп, қатысушылар өз сұрақтарына нақты жауаптар алды.
Іс-шара соңында ұйымдастырушылар мұндай шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті. Себебі, жастардың діни танымын кеңейту, олардың сыни ойлау қабілетін қалыптастыру және рухани қауіпсіздігін қамтамасыз ету – бүгінгі күннің өзекті міндеттерінің бірі.
Материал Шымкент қ. ТҚК
ақпараты негізінде дайындалды