Қауіпсіз қоғам – экстремизм мен терроризмге қарсы ортақ мүдде

Қауіпсіз қоғам – экстремизм мен терроризмге қарсы ортақ мүдде
Төлеби ауданы Леңгір қаласының тұрғындарына «Қауіпсіз қоғам – экстремизм мен терроризмге қарсы ортақ мүдде» тақырыбында экстремизм мен терроризмге қарсы профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу аудандық Терроризмге қарсы комиссияның үйлестіруімен өткізіліп, ақпараттық насихаттық топ мүшелері де қатыстырылды.
Кездесудің мақсаты – қала тұрғындарының арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын түсіндіру, аталған қауіп-қатерлерге қарсы ақпараттық, құқықтық дайындық деңгейін арттыру және қауіп тудыратын ықпалдарға қарсы тұру қабілетін қалыптастыру болып табылады.
Кездесу барысында сала мамандары экстремизм мен терроризм профилактикасы тұрғысынан қауіпті ақпарат көздерін анықтау, радикалды идеологияның таралу арналары мен тәсілдері жөнінде ақпарат берілді.
  Қоғамдық ортада экстремизм мен терроризм белгілерін ерте айғақтау арқылы қауіптің алдын алуға болатындығы ерекше атап өтілді. 
Сонымен қатар, экстремизм мен терроризмнің пайда болу себептері, олардың құрылымдық және тактикалық ерекшеліктері, сондай-ақ бұл құбылыстардың қоғамдағы тұрақтылыққа кері әсері терең талқыланды.
Терроризмнің алдын алуда азаматтық ұстанымның маңыздылығы, күдікті жағдайларда жауапты органдарға жедел хабарлау тетіктері, құқықтық жауапкершілік және қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы да жеке қарастырылды.
Кездесу қорытындысымен қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, толыққанды жауаптарын алды.
Кездесуге 100-ге жуық қала тұрғындары қатысты.
 
 
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды