Келес ауданы білім бөліміне қарасты Т. Бердияров атындағы жалпы орта мектебінің ұжымына «Қауіпсіз балалық шақ!» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға облыстық ақпараттық түсіндіру тобының және аудандық Терроризмге қарсы комиссиясының мүшелері, мектеп ұжымы мен жасөспірімдер қатысты.
Шараның негізгі мақсаты – кәмелет жасына толмаған оқушылардың экстремизм мен терроризмге қарсы ақпараттық қорғанысын күшейту, ұстаздардың осы бағыттағы жұмысына әдістемелік қолдау көрсету, терроризм мен экстремизмнің қоғамға тигізетін зияны туралы түсінігін кеңейту, олардың алдын алу жолдарын насихаттау болып табылады.
Кездесу барысында мамандар терроризмнің мәні, түрлері және белгілері жөнінде баяндап, төтенше жағдай орын алған кезде дұрыс әрекет ету алгоритмін түсіндірді.
Сонымен қатар, экстремизм мен терроризм идеологиясының жасөспірімдер арасында таралу тәсілдері мен үгіт-насихат жұмыстарының белгілері жайлы нақты ақпарат берілді.
Мектеп ұжымына экстремизм мен терроризм профилактикасын оқу процесіне енгізу жолдары, оқушылардың ақпараттық сауаттылығын арттыру әдістері және сыни ойлау қабілетін қалыптастырудың маңызы жан-жақты түсіндірілді.
Оқушыларға экстремизм мен терроризмге қарсы жеке қауіпсіздік дағдылары, күдікті тұлғалармен және күмәнді контентпен бетпе-бет келген жағдайда не істеу керектігі жөнінде ұсыныстар берілді және ақпараттарды дұрыс қабылдау, талдау және тарату жауапкершілігі де айтылды.
Шара соңында арнайы келген қонақтар тарапынан қызықты сұрақтарға жауаптар берілді.
Шараға 200-ге жуық оқушылар мен ұстаздар қатысты.
Материал Түркістан облысы бойынша
ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды