Шымкентте жастармен терроризм мен экстремизмнің алдын алу жолдары талқыланды

Шымкентте жастармен терроризм мен экстремизмнің алдын алу жолдары талқыланды

Жастар арасында терроризм мен экстремизм идеологиясын қабылдамауды қалыптастыру, болуы мүмкін қауіп-қатерлер туралы кеңінен ақпараттандыру мақсатында М.Әуезов атындағы ОҚУ және Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында түсіндіру кездесулері ұйымдастырылды.
Теологтардың қатысуымен өткен іс-шара Университет ғимараты маңында ашық форматта өтті.
Профилактикалық іс-шара барысында қатысушыларға терроризм мен экстремизмге байланысты негізгі ұғымдар түсіндіріліп, радикалды көріністердің белгілері айтылып, тыйым салынған материалдарды таратуға қатысты жауапкершілік туралы хабарланды.
Сондай-ақ, теологтар студенттерді әрқашан сақ болуға және интернетте жарияланған ақпараттарға сыни тұрғыдан қарап, кез-келген күмәнді жағдайларды дереу хабарлауға шақырды.
Аталған форматтағы диалог жастарға еркін сұрақтарын қойып, жауаптар алуларына мүмкіндік берді.
Айта кету керек, ЖОО-ғы алдын алу іс-шаралары тұрақты түрде өткізіліп отырады және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.


Материал Шымкент қаласы бойынша ТҚК
ақпараты негізінде дайындалды