Жамбыл облыстық терроризмге қарсы жедел штабының отырысы туралы

Жамбыл облыстық терроризмге қарсы жедел штабының отырысы туралы

Жамбыл облыстық терроризмге қарсы жедел штабының жетекшісі – ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастығы Б.Б.Жексембиннің төрағалығымен жедел штабтың отырысы өтті. Күн тәртібінде жедел топтарды жабдықтау және олардың есептерін тыңдау мәселелері қаралды.
Отырысқа облыстық жедел штаб мүшелері, сондай-ақ жедел топтардың жетекшілері мен орынбасарлары (дублерлары) қатысты.
Отырыс барысында жедел топтарды заманауи байланыс құралдарымен, көлікпен, арнайы құрылғылармен және жарақтандырумен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Бұл олардың террористік қатерлердің алдын алу және жолын кесу жөніндегі тапсырмаларын тиімді орындауына ықпал ететіні атап өтілді.
Сонымен қатар, ведомствоаралық өзара іс-қимылға, дер кезінде ақпарат алмасуға және төтенше жағдайларда жедел бөлімшелердің дайын болуына ерекше назар аударылды.
Отырыс қорытындысы бойынша жедел топтардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған кешенді шараларды әзірлеу және іске асыру жөнінде тапсырмалар берілді.


Материал ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті

ТҚО бөлімінің ақпараты негізінде дайындалды