Алматы қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

Алматы қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

17 қазан күні Алматы қаласының аумағында терроризмге қарсы Алматы қалалық жедел штабымен «Дабыл-Антитеррор-2025» оқу-жаттығуы өткізілуде.
Аталған іс-шараның мақсаты - құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.
Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады.

 

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы қалалық жедел штабы