Колледж қызметкерлері үшін радикалды экстремизм мен терроризм және өрт жағдайында әрекет ету бойынша кеңес өткізілді

Колледж қызметкерлері үшін радикалды экстремизм мен терроризм және өрт жағдайында әрекет ету бойынша кеңес өткізілді

Ағымдағы жылдың 23 кыркүйегінде Алматы қаласының ТҚО бөлімінің қызметкерлерімен қаладағы Евразиялық Агро-Техникалық колледжінде білім беру ұйымының қызметкерлері мен инженерлік-педагогикалық құрамына арналған кеңес өтті.
Іс-шара тақырыбы – «Террористік акт және өрт қаупі туындаған жағдайда білім беру ұйымының қызметкерлері мен педагогтердің іс-қимыл алгоритмі» болды.
Кеңес барысында қатысушылар:
⦁ күдікті заттар (жарылғыш құрылғылар) табылған жағдайда;
⦁ телефон арқылы немесе жазбаша түрде қауіп туралы хабар алынған кезде;
⦁ қарулы шабуыл, террористік әрекет немесе кепілге алу жағдайында
қандай әрекет ету қажеттігімен танысты.
Сондай-ақ, білім беру мекемесі қызметкерлері мен инженерлік-педагогикалық құрамы төтенше жағдайларда білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты іс-қимыл алгоритмдерін меңгерді.
Іс-шара соңында қатысушыларға терроризм қаупі немесе өрт жағдайында әрекет ету тәртібі туралы ақпараттық бюллетеньдер таратылды.
Бұл кеңестің негізгі мақсаты – оқу орнының қауіпсіздігін арттыру және төтенше жағдайлардың алдын алуда білім беру ұйымының персоналының дайындық деңгейін күшейту.

Материал Алматы қаласы бойынша ТҚО бөлімінің
ақпараты негізінде дайындалды