Нұра кентінде терроризмге қарсы оқу-жаттығуын өткізу туралы

Нұра кентінде терроризмге қарсы оқу-жаттығуын өткізу туралы
2025 жылдың 06 қазан күні Нұра аудандық терроризмге қарсы жедел штабы «Нұра-Антитеррор-2025» терроризмге қарсы оқу жаттығуы өткізеді.
Іс-шараның мақсаты құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың түрлі террористік сипаттағы қауіптерді жою жөніндегі күштері мен құралдарының дайындық деңгейін тексеру.
Азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, ресми ақпарат дереккөздерге сенуді және оқу-жаттығуға қатысатын мемлекеттік органдар қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
 
 
Терроризмге қарсы күрес жөніндегіҚарағанды облыстық жедел штабы