БҚО облысы Ақжайық ауданы, Чапаев ауылында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

БҚО облысы Ақжайық ауданы,  Чапаев ауылында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

«30» қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылының аумағында «Ақжайық -Антитеррор-2025» терроризмге қарсы оқу жаттығуы өткізілуде.
Оқу-жаттығудың мақсаты – Ақжайық ауданының арнайы, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.
Осыған байланысты аудан тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады.

 

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі БҚО жедел штабы