2025 жылдың 29 мен 30 қыркүйегі күні аралығында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Қаражал қалалық жедел штабымен «Қаражал-Антитеррор-2025» терроризмге қарсы оқу эксперименті өткізіледі.
Іс-шараның мақсаты құқық қорғау және арнайы органдардың түрлі террористік сипаттағы қауіптерді жою жөніндегі күштер мен құралдарының дайындық деңгейін тексеру.
Азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, ресми ақпарат дереккөздерге сенуді және оқу экспериментіне қатысатын мемлекеттік органдар қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Ұлытау облыстық жедел штабы