2025 жылығы 27 қыркүйекте Атырау қаласында терроризмге қарсы күрес жөніндегі теңіз жедел штаының бастамасымен Қаазақстанның Каспий теңізіндегі континенттік қайраңында («Қашаған» кен орны ауданында) жедел-тактикалық оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда.
Оқу-жаттығудың мақсаты – теңіз кешенінде терроризм актілерінің жолын кесу бойынша антитеррористік операцияларды жүргізуге тартылған арнайы бөлімшелердің қалалық жерлерге көлікпен қозғалуы мен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің катерлерінің теңіз шығуын қоса отырып, терроризм көріністеріне жедел ден қою бойынша жаттығу іс-қимылдарын пысықтау болып табылады.
Осыған байланысты, азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарап, тартылған мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпарат таратпауға шақырамыз.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Теңіздік жедел штабы