
Тамызда Алматы қаласында және Қазақстанның басқа қалаларында экстремизмге қатысы бар 12 адам сотталды.
2025 жылғы тамызда Қазақстан Республикасының 12 азаматы террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталған. 
Олардың 11-і терроризм идеясын насихаттап, зорлық-зомбылықты ақтап және діни араздыққа шақырған, ал тағы 1-і лаңкестік ұйымға қосылу үшін шетелге шығуға дайындалған.
Олардың барлығы сот шешімімен кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. 
Материал Алматы қаласы бойынша ТҚК 
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды