Тасқала ауылында терроризмге қарсы оқу жаттығуын өткізу туралы

Тасқала ауылында терроризмге қарсы оқу жаттығуын өткізу туралы
«18» қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылының аумағында «Тасқала-Антитеррор-2025» терроризмге қарсы оқу жаттығуы өткізілуде.
Оқу-жаттығудың мақсаты - Тасқала ауданының арнайы, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.
Осыған байланысты аудан тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады.
 
 
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі
Батыс Қазақстан облыстық жедел штабы