2025 жылдың 10 қыркүйегінде Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қобда селосында Қобда аудандық жедел штабымен терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда.
Оқу-жаттығу шаралары барысында, терроризм актілерінің түрлі сценарийлеріне жедел жауап қайтару мәселелері қарастырылады.
Жүргізіліп жатқан іс-шараға байланысты, автокөліктер мен тұрғындардың қозғалысына уақытша қойылатын шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырамыз.
Осы орайда, қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Тек ресми ақпаратты басшылыққа ала отырып, жалған мәліметтердің таралуына жол бермеуді ескертеміз.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі
Ақтөбе облыстық жедел штабы