БҚО облысы Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

БҚО облысы Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

«09» қыркүйек күні Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылының аумағында терроризмге қарсы Шыңғырлау аудандық жедел штабымен «Шыңғырлау-Антитеррор-2025» оқу тәжірибесі өткізіледі.
Оқу-жаттығудың мақсаты - Шыңғырлау ауданының арнайы, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.
Осыған байланысты аудан тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады.


Терроризмге қарсы күрес жөніндегі БҚО жедел штабы