Жезқазған қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

Жезқазған қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

Ағымдағы жылдың 26 мен 27 тамызда Жезқазған қаласының аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Ұлытау облыстық жедел штабымен «Дабыл-Антитеррор-2025» жедел тактикалық оқу-жаттығуы өткізілуде.
Оқу-жаттығудың мақсаты Ұлытау облысының арнайы, құқық қорғау және мемлекеттік органдарының күштері мен құралдарын террористік сипаттағы қауіптерге қарсы тұру және оларды жою кезінде ведомствоаралық өзара іс-қимыл дайындығы деңгейін жетілдіру.
Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады.
Ақпараттың тек ресми көздеріне сеніп, халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеу.

 

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі
Ұлытау облыстық жедел штабы