Басты міндет - терроризмнен сақтану

Басты міндет - терроризмнен сақтану

Алматыда ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» мемлекеттік мекемесі Жедел құтқару жасағында жеке құрам арасында «Басты міндет - тероризмнен сақтану» тақырыбында семинар-сабақ өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: терорлық қауіп-қатерден сақтану және тәртіпсіздіктер кезінде  жеке құрамды дұрыс әрекет етуге бағыттау бойынша  сабақ  жүргізу.
Аталған іс-шараға Денсаулық сақтау басқармасының  «Жұмылдыру жұмыстары және мемлекеттік құпияларды қорғау» бойынша бас маманы Ербол Әлібаев пен  ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» психологі Жазира Досаева қатысты.
Іс-шараның барысында Жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары  Мейрамбек Доспенбетов жеке құрамға арнайы шақырылған қонақтарды таныстырды. Құтқару бөлімшесінің бас құтқарушы-психолог Жанар Бегманова жеке құрамға «Басты міндет - тероризмнен сақтану» тақырыбында презентация көрсетті.
Қаланың Денсаулық сақтау басқармасының  «Жұмылдыру жұмыстары және мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша бас маманы Ербол Әлібаев өзінің тәжірибесімен бөлісе отырып, дәріс оқыды.                                                   
Жазира Досаева «Менің көңіл-күйім» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді. Тренингтің мақсаты: қатысушылардың психоэмоционалды көңіл-күйлерін көтеру, өз-өзін ретке келтіру, бір-біріне ұжымда сенімділік білдіру болды.
Семинар-сабаққа келген қатысушылар мамандарға өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойып, жауап алды. 
Іс-шараның соңында бас құтқарушы-психолог Жанар Бегманова жеке құрам атынан қонақтарға ризашылығын білдірді.


Материал Алматы қаласы бойынша
Терроризмге қарсы комиссия аппаратының
ақпараты негізінде дайындалды