Алматыда террористік акт жасау қатерінен құлақтандыру және жедел ден қою жүйесін тексеру жұмыстары жүргізілді.
Іс–шараны Алматы қаласының ТҚО бөлімі ұйымдастырды және қоршау мен эвакуацияның жедел топтарын көтеруді қамтыды.
Ісшараның мақсаты полиция қызметкерлерінің, Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің және басқа да күштердің дағдарыс жағдайында әрекет етуге дайындығын бағалау болды.
Жауап беру алгоритмін пысықтауға, іс-әрекеттерді үйлестіруге, сондай-ақ теориялық және практикалық білімді игеруге ерекше назар аударылды.
Оқу-жаттығуға 131 адам және 8 бірлік техника қатысты.
Қатысушылардың функционалдық міндеттері, жадынамалардың болуы мен мазмұны, жабдықтар, сондайақ терроризмге қарсы операция жағдайындағы міндеттерді түсіну тексерілді.
Сонымен қатар, төтенше жағдайдағы әрекеттер бойынша сауалнама жүргізілді. Жедел топтар кәсіпқойлықтың жоғары деңгейін көрсетті. Әрбір қатысушы шартты оқиға орнына келген кезде өз ісәрекеттерінің реттілігін нақты баяндады.
Қоршау және эвакуация топтары террористік қауіптің салдарын оқшаулауға және азайтуға бағытталған бірінші кезектегі шаралар алгоритмін пысықтады.
Мұндай кенеттен тексерулер жүргізу жауапберу жүйесіндегі әлсіз жерлерді уақтылы анықтауға және оларды жедел жоюға, аймақтың жалпы қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді.
ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің
Терроризмге қарсы орталық бөлімі