Шымкент қаласы ТҚК аппаратының бастамасымен және комиссия мүшелерінің қатысуымен террористік тұрғыдан осал білім объектілерінің инженерлік-техникалық қамтамасыз ету туралы отырысы өтті. Жиналысқа ҚР ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті ТҚО бөлімінің бастығы В.Марцинечко төрағалық етті.
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты мемлекеттік және жеке меншік білім беру ұйымдарының террористік тұрғыдан осал объектілерге енгізілген мекемелердің жедел басқару орталығына толықтай интеграциялау мәселесі қаралды.
Террористік тұрғыдан осал объектілеріне зерделеу жұмыстарын жүргізу мақсатында құзырлы органдардың жауапты өкілдерінен жұмыс тобы құрылып, білім ұйымдары, аэропорт, темір жол вокзалы және аңшылық дүкендерде заң талаптарына сәйкестендіру ұсынылды.
Жиында айтылған пікір-ұсыныстар бойынша жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар берілді.
Материал Шымкент қаласы бойынша
Терроризмге қарсы комиссия аппаратының
ақпараты негізінде дайындалды