А.ж. 15 тамызы күні сағ. 09:00 ден 13:00 аралығында Марқакөл ауылында, Марқакөл аудандық терроризмге қарсы жедел штабы «Марқакөл-Терроризмге қарсы-2025» жедел-тактикалық антитеррористік оқу-жаттығуын өткізеді.
Іс-шараның мақсаты құқық қорғау және арнайы органдардың түрлі террористік сипаттағы қауіптерді жою жөніндегі күштер мен құралдардың дайындық деңгейін тексеру.
Азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, ресми ақпарат дереккөздерге сенуді және оқу-жаттығуларға қатысатын мемлекеттік органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауларын сұраймыз.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі
Шығыс Қазақстан облыстық жедел штабы