Түркістан қаласы «Түркістан кәсіпқой бокс клубы» қызметкерлеріне «Ұлттық құндылықтар ұрпаққа мұра» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесуге Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері, қалалық ішкі саясат бөлімінің мамандары және ақпараттық насихаттық топ мүшелері қатысты.
Шараның мақсаты – ұлттың рухани құндылықтарын жастар арасында кеңінен насихаттап, мәдени мұрамызды сақтау мен ұлықтауға үлес қосу және жастардың бойына сіңіру болып табылады.
Спикерлер ұлттық бірегейліктің негізі саналатын рухани құндылықтарды сақтап, оларды болашақ ұрпаққа аманаттау – әр азаматтың парызы екенін атап өтті.
Сонымен қатар, «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар жөнінде ақпарат берілді.
Қатысушылар рухани байлықты ұлықтау – елдің болашағы үшін аса маңызды рөл атқаратындығын бір ауыздан қолдады.
Кездесу жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға үлкен рухани серпіліс сыйлады.
Кездесуге 100-ге жуық спортшы қызметкерлер мен жаттықтырушылар қатысты.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға теолог мамандар тарапынан нақты әрі тұшымды жауаптар берілді.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының
ақпараты негізінде дайындалды