«13»тамыз күні Теректі ауданында «Орал» халықаралық әуежай аумағында терроризмге қарсы БҚО аудандық жедел штабының ұйымдастыруымен оқу-жаттығулар өткізілетін болады.
Аталған іс-шараның мақсаты - құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.
Осыған байланысты аудан тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі БҚО жедел штабы