ҰҚКД Қостанай облысы бойынша терроризмге қарсы күрес жөніндегі Рудный, Лисаковск қалалық және Қарабалық, Федоров, Б.Майлин, Денисов аудандық жедел штабтарының террористік сипаттағы қылмыстардың жолын кесуге күштері мен құралдардың дайындығын тексеру бойынша оқу эксперименттері өткізілді.
Оқу эксперименттерінің мақсаты қалалық және аудандық жедел штабтардың терроризмге қарсы операция жүргізуге дайындығын бағалау, сондай-ақ терроризм актілерінің жолын кесу жөніндегі іс-қимылдарды пысықтау кезіндегі өзара іс-қимыл деңгейін бағалау болды.
Оқу эксперименттер аяқталғаннан кейін жедел штабтарының басшылығы тұрғысынан ведомстволық бөлімшелердің тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыру және басқару жөніндегі қорытындыларды көрсете отырып, жалпы талдау жүргізді, жедел топтардың іс-қимылдары талданды, эксперименттер барысында анықталған қателіктер жеткізілді.
ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті ТҚО бөлімі