5 тамыз сағат 15.00-ден 18.00 -ге дейін ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды акадмесиясы (Ермеков көшесі, 124) жағдайында лаңкестік белгілерге шұғыл әрекет ету бойынша оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу жоспарлануда.
Академия ғимаратында шектеу шаралары қарастырылған.
Осыған орай, азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жала ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз.
Қарағанды облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі
жедел штабы