2025 жылдың 31 шілдесінде Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласында Шалқар аудандық жедел штабымен терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда.
Оқу-жаттығу шаралары барысында, терроризм актілерінің түрлі сценарийлеріне жедел жауап қайтару мәселелері қарастырылады.
Жүргізіліп жатқан іс-шараға байланысты, автокөліктер мен тұрғындардың қозғалысына уақытша қойылатын шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырамыз.
Осы орайда, қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Тек ресми ақпаратты басшылыққа ала отырып, жалған мәліметтердің таралуына жол бермеуді ескертеміз.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі
Шалқар аудандық жедел штабы