2025 жылғы 29 шілде күні бірінші жартысында Қостанай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабымен «Қостанай» халықаралық әуежайы АҚ ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өткізілетін болады.
Оқытудың негізгі мақсаты террористік сипаттағы қауіптер пайда болған кезінде мемлекеттік органдардың әрекет ету дағдыларын және өзара іс-қимылын пысықтау болып табылады.
Осыған байланысты азаматтардан тыныштық сақтауға және мемлекеттік органдардың ресми ақпаратын басшылыққа алуды, өткізілетін оқу-жаттығуларға түсінікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз.
Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат таратқандар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Қостанай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы