Жас спортшылар радикалды идеологиядан қалай қорғалады?

Жас спортшылар радикалды идеологиядан қалай қорғалады?

Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттандыру мақсатында спортшыларға арналған профилактикалық іс-шара ұйымдастырды.

Алматыда 9 шілдеде өткен кездесуде негізгі назар құқықтық сауаттылықты арттыру мен сыни ойлауды дамытуға аударылды. Бұл – жастарды радикалды идеологиялардан қорғаудың маңызды тетіктері.                  

Іс-шараға Алматы қаласының ТҚО бөлімінің қызметкерлері, прокуратура қызметкері, дін істер басқармасының қызметкерлері, спорт басқармасының қызметкерлері мен спортшылар және жаттықтырушылары қатысты.

Жиында аталған қызметкерлер «Радикалды идеологиялардың белгілері туралы жан-жақты түсіндіріп, экстремистік ұйымдардың жастар санасына әсер ету үшін қолданатын манипуляциялық әдістерін атап өтті және оларды дер кезінде тану жолдарымен бөлісті.

Сонымен қатар, күмәнді тұлғалардан немесе реттелмеген онлайн көздерден білім алу қауіптері де талқыланды. Бұл – әсіресе әлеуметтік желілер мен интернет-платформалар арқылы жиі таралатын қазіргі заманның өзекті мәселесі айтылды.

Іс-шара қорытындысында қатысушылар мұндай бастамалардың маңыздылығын атап өтті. Алынған ақпарат жастардың радикалды идеологияға қарсы иммунитетін қалыптастыруға және жеке әрі қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

 

ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің

Терроризмге қарсы орталық бөлімі