Жусан иісімен елге оралған үміт «ЖУСАН» ОПЕРАЦИЯСЫМЕН ЕЛГЕ ОРАЛҒАН АЗАМАТШАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жусан иісімен елге оралған үміт  «ЖУСАН» ОПЕРАЦИЯСЫМЕН ЕЛГЕ ОРАЛҒАН АЗАМАТШАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Шымкент қаласы дін істері басқармасының басшысы Б.Өнербаев және модератор – Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, Павлодар қаласы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» директоры, психолог Раздыкова Гүлназ Мақсұтқызының  қатысуымен маңызды кездесу өткізілді.

Кездесудің мақсаты «Жусан» операциясы аясында елге оралған азаматшаларға психологиялық қолдау көрсету, олардың қоғамға бейімделуін жеңілдету, эмоционалдық жағдайын тұрақтандыру және сенімді қарым-қатынас орнату арқылы әлеуметтік оңалтуды қолдау болып табылады.

«Жусан» гуманитарлық бағдарламасы аясында жаңа өмірге үмітпен қадам басқан аналар мен балалар арнайы лагерьде бас қосып, тәрбиелік мәні зор шараға қатысты.

 Іс-шара өңірлік дін істері басқармасының басшысы Бақтияр Өнербаевтың бастамасымен, елге «Жусан» операциясымен оралған азаматтар мен азаматшаларды қоғамға, дәстірлі дінге баулу мақсатында ұйымдастырылды.

 Бағдарлама аясында:

– Балаларға арналған спорттық және интеллектуалды ойындар;

– Аналарға ұлттық салт-дәстүрге байланысты викториналар мен жүлделер;

– Психолог және теолог мамандардың арнайы кеңестері мен жеке жұмысы ұйымдастырылды.

Бұл лагерь – демалыс орны ғана емес, жаңа өмірге бейімделудің, білім мен рухани қолдау алудың алаңы.

 

Материал Шымкент қаласы бойынша

Терроризмге қарсы комиссия аппаратының

ақпараты негізінде дайындалды