«Зайырлылық және дінтану негіздері»

«Зайырлылық және дінтану негіздері»

Шымкент қаласы дін істері басқармасы мен «Жалын» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қала аумағындағы жалпы білім беру мекемелерінде “Зайырлылық және дінтану негіздері” тақырыбында мұғалімдердің діни біліктілігін арттыру мақсатында оқыту курстары (семинар) ұйымдастырылды.

Семинардың негізгі мақсаты - зайырлы мемлекет қағидаттарын білім беру жүйесін де тереңірек түсіндіру, дінтану пәнін оқытудың әдіснамалық және мазмұндық сапасын арттыру, сондай-ақ ұстаздардың діни ахуалға қатысты сауаттылығын күшейту.

Семинар барысында қаралған негізгі тақырыптар:

  • Зайырлылық принциптерінің білім беру саласындағы рөлі;
  • “Зайырлылық және дінтану негіздері” пәнінің мазмұны мен оқыту әдістемесі;
  • Жасөспірімдер арасында діни радикализмнің алдын алу шаралары;
  • Қоғамдық келісім мен дінаралық татулықты насихаттау.

Іс-шараға тәжірибелі дінтанушылар, педагогтер, оқу-әдістемелік орталық мамандары мен сала бойынша сарапшылар қатысты. Олар тыңдаушыларға теориялық және практикалық тұрғыда пайдалы ақпарат беріп, ашық пікір алмасуға жағдай жасады.

 

Материал Шымкент қаласы бойынша

Терроризмге қарсы комиссия аппаратының

ақпараты негізінде дайындалды