Ү.ж. 25 маусым күні ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті ТҚО бөлімінің бастамасымен облыстық терроризмге қарсы комиссия аппараты қызметкерлері, ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің психологы және заңгері, желілік полиция бөлімінің қызметкері, төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің қатысуымен «Әзірет Сұлтан» Халықаралық әуежай ғимаратында әуежай басшылығымен қызметкерлеріне терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша және психологиялық тұрғысынан түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – әуежай қызметкерлеріне ҚР Индустрия және Инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2023 жылғы 17 наурыздағы №171қбп «Террористік тұрғыдан осал азаматтық авиация ұйымдары объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрықты түсіндіру, террористік сипаттағы жағдайлар орын алған кезде іс-қимыл алгоритмі және психологиялық тұрақтылықты сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары өтіп, ҚР ТҚО Штабы дайындаған оқу бейнематериалдары көрсетілді.
Сонымен қатар, әуежай басшылық құрамынан психологиялық тестілеу алынып, орташа деңгейде баға берілді. Алдағы уақытта психологиялық сұхбат және пікір алмасу түрінде кездесулер жоспарлануда.
Жиын қорытындысы бойынша, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауапты қызметкерлермен толыққанды жауаптар берілді.
ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің ТҚО бөлімі