Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметкерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы

Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметкерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы

Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Қанат Мангубаевтың қатысуымен Басқұдық, Маңғыстау және Дәулет ауылдық спорт мектеп  басшылары мен жаттықтырушылар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Шараның спикерлері Маңғыстау облысы дін істер басқармасы ақпараттық талдау орталығының дінтанушы Сәрсенбиев Серікхан, исламтанушы Басбақов Жәнібек және теолог мамандары Басбақов Жәнібек пен Жолтыхан Нұржан жастарға радикалды діни идеологиялардың белгілері олардан келетін қауіптер туралы түсіндірме берді.

Сонымен қатар, спикерлер шара қатысушыларға адамгершілік, рухани құндылықтар, тәрбиенің маңызы және діннің қоғамдағы рөлі жайында маңызды мәліметтер айтылды.

Шара соңында қатысушылар өздерінің ойлары мен сұрақтарын ортаға салып, қажетті мағлұмат алып, ұйымдастырушыларға ризашылығын жеткізді.

 

Материал Маңғыстау облысы бойынша

Терроризмге қарсы комиссия аппаратының

ақпараты негізінде дайындалды