«Химфарм» АҚ-ның террористік тұрғыдан осал объекті талаптарына сәйкестігін анықтау

«Химфарм» АҚ-ның  террористік тұрғыдан осал объекті талаптарына сәйкестігін анықтау

Террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының құрамында арнайы, құқық қорғау органдары және жергілікті атқарушы органдарының жауапты өкілдерімен «Химфарм» акционерлік қоғамының ғимаратында болып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №234 қаулысына «Террористік тұрғыдан осал объекті талаптарына» сәйкестендіру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде «Химфарм» акционерлік қоғамы террористік қауіп төнген жағдайда біршама адам шығынына алып келетіні және экономикалық және экологиялық зиян келуі мүмкін әлеуетті қауіпті объект ретінде танылып, террористік тұрғыдан осал объектілер тізімінде қалды. 

Мұндай объектінің беріктігі мен қорғанысы төтенше жағдайлардың алдын алуына және адамдардың қауіпсіздігін сақтауға бағытталғаны жөнінде терроризмге қарсы комиссиясы жанындағы жұмыс тобының отырысында қаралады.

 

Материал Шымкент қаласы бойынша

Терроризмге қарсы комиссия аппаратының

ақпараты негізінде дайындалды