2025 жылғы 9 шілдеде Астанада Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының жиналысы өтті.
Іс-шараға арнаулы қызметтердің, құқық қорғау, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері қатысты.
Экстремизм профилактикасының тиімділігін арттыру, сондай-ақ жарылғыш заттар мен прекурсорларын террористік мақсаттарда пайдалануға жол бермеу шаралары мен оның жай-күйінің мәселелері қаралды.
Кеңес қорытындылары бойынша хаттамалық шешімдер қабылданды.
ҰҚК баспасөз қызметі