Құқық қорғау және арнайы органдардың террористік сипаттағы қатерлерге ден қоюға дайындығын арттыру мақсатында Тараз қаласының «Әулие-Ата» халықаралық әуежайының аумағында кепілге алынғандарды босату бойынша терроризмге қарсы ауқымды оқу-жаттығулар өткізілді.
Оқу-жаттығу Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, полицияның, ішкі істер министрлігінің арнайы бөлімшелерінің, ТЖ қызметінің, медициналық және өзге де бейінді қызметтердің қатысуымен Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының басшылығымен өтті.
Жаттығу аңызына сәйкес, шартты террористер тобы жолаушылар терминалында кепілге алынып, бірқатар талаптар қойды. Жедел-тактикалық іс – шаралар барысында периметрді бұғаттау, азаматтарды эвакуациялау, келіссөздер байланысын орнату, содан кейін - террористерді бейтараптандырумен кепілге алынған адамдарды босатудың күштік кезеңі ұйымдастырылды.
Барлық тартылған күш құрылымдарының үйлесімді және кәсіби әрекеттерінің нәтижесінде шартты кепілге алынғандар сәтті босатылып, «қылмыскерлер» залалсыздандырылды. Барлық іс-шаралар қолданыстағы заңнамаға және терроризмге қарсы күрес саласындағы нормативтік талаптарға сәйкес өткізілді.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктерінің тиімділігін тексеру, халықаралық әуежай сияқты адамдардың жаппай болу объектілері жағдайында террористік қатерлерге ден қою алгоритмдерін пысықтау болды.
Жедел штаб басшылығы оқу-жаттығуларға қатысушылардың іс-әрекеттеріне оң баға берді. Алынған тәжірибе дағдарыстық жағдайларға ден қою тәжірибесін жетілдіру үшін пайдаланылатын болады.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Жамбыл облыстық жедел штабы